МЕЙIРГЕРЛЕР АРАСЫНДА КОНКУРС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

1 840

Сәуір айының 25-26-сы күндері Қызылорда жоғары медициналық жоғары колледжінде «Халықаралық мейіргерлер күнін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі №231 бұйрығын орындау мақсатында «Үздік маман - 2024 жыл», «Үздік  БМСК ұйымдарының мейіргері», «Үздік аурухана  мейіргері», «Үздік ауылдық мейіргер»,  «Үздік фельдшер», «Үздік акушер», «Үздік дантист» атты облыстық кәсіби конкурс ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


2 кезеңнен құралған сайыстың І-шi кезеңiнде «Конкурсанттардың портфолиумдарын бағалау», ІІ-шi кезеңi «Практикалық дағдылардан өту» бойынша өткiзiлдi. 


Барлығы 37 мейіргер қатысқан сайыста қатысушылар үздік стационар мейіргері конкурсының мамандарының практикалық машықтануы, жүрек-өкпе реанимациясы (BLS), анафилактикалық шок кезінде шұғыл медициналық көмек, коммуникативті дағдылар, мейіргер ісінің үрдісі (Вазофиксті салу және оның күтімі), ойылымның алдын алу және күтімі стандартының алгоритміне мейіргерлік үрдіс ұйымдастыру бойынша бiлiктiлiктерiн көрсетті. 


Үздік БМСК мейіргері, үздік ауылдық мейіргер конкурсы мамандарының  практикалық машықтануы нәтижесінде «Үздік стационар мейіргері» конкурсы бойынша 87,5 баллмен облыстық фтизиопульмонология орталығының мейіргері Жаркенова Гүлмира Нұрғалиқызы, «Үздік БМСК мейіргері» конкурсы бойынша 81,5 баллмен Жалағаш аудандық емханасының мейіргері Тұрғанбаева Гүлназ  Бахытбекқызы, «Үздік ауылдық мейіргер» конкурсы бойынша 76 баллмен Жалағаш аудандық ауруханасы, «Ақсу» дәрігерлік емханасының мейіргері Ертілеуова Толқын Сансызбайқызы үздік атанды.


Сондай-ақ, «Үздік фельдшер», «Үздік акушер», «Үздік дантист» конкурсы нәтижесінде «Үздік фельдшер» номинациясын 87 баллмен облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының фельдшері Ганибекова Фазила  Ғанибекқызы алса, «Үздік акушер» конкурсы бойынша 90 баллмен көпбейінді облыстық ауруханасының акушері Жұмабекова Гүлзат Жолдасқызы, «Үздік дантист» конкурсы бойынша 150 баллмен Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының емхана бөлімінің дантисті Шерімбетов Самат Серікұлы үздік атанды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.