Тапсырма уақытылы орындалуымен құнды
Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен қала көшелерінің түнгі жарықтандыру жұмыстарындағы кемшіліктер мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуы талқыланған мәжіліс өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тиісті жұмыстарды қолға алмаған басшылардың жауапкершілігіне сын айтылды.«Өткен мәжілісте Өздеріңіздің қатысуларыңызбен Арал қаласының түнгі жарықтандыру мәселесіне байланысты жиын өткіздік. Бірақ, содан кейінгі нәтиже көңіл көншітпей отыр. Мәселен, қала бөлінісіндегі 1 сектор бойынша теміржол вокзалы аумағындағы Ә.Нұрпейісов көшесіндегі 35 жарықтың 7-еуі істен шыққан. Уәде бердіңіздер, алайда ол орындалмады. Осындай мәселелер Бекмырза хан, Қ.Ерімбетов, Сырым батыр даңғылы, А.Байтұрсынов, Бақтыбай батыр, Әбілқайыр хан, Абай көшелерінде, «Балықшылар» аллеясы мен «Рәміздер» алаңындағы және батыс кіреберіс аймақ пен басқа да аумақтарда орын алған. 1-2 жарықшам болса да, бақылау болуы тиіс. Бұлай ұзаққа созылмауы қажет. Тапсырма уақытылы орындалуымен құнды. Қаланың түнгі көркі әдемі болғаны дұрыс. Әр секторға жауапты басшылар ең алдымен сіздерден қадағалау болу керек. Күрделі мәселенің барлығын дереу шешіңіздер»-деді, Аманжол Сақыпұлы.
Аудан басшысы жүктелген міндеттерге салғырттық танытқан лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік жаза қолдануды талап етті.
Мұнан соң, аудан әкімі мерзімі келіп тұрған Сексеуіл кентіндегі АГТС орната отырып «Бейнеу-Шымкент» магистарльды газ құбырынан бастап газ құбыры тармағын салу жобасын аяқтау және Арал қаласындағы темір жол үстінен аспалы көпір салу жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанын қатаң сынға алды. Бұдан бөлек, жол құрылысы, әлеуметтік және өзге де салалардың жұмысындағы түйткілді мәселеге тоқталды.Жиынды қорытындылай келе, аудан басшысы ел алдындағы уәде уақытылы орындалуы тиіс екенін айтып, сала басшыларына, қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне барлық деңгейдегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алу міндетін жүктеді.
Бүгін З. Шүкіров атындағы мәдениет үйінде аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Арал қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуде инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
«Баршаңызды алдымен алдағы Отан қорғаушылар күні мерекесімен және Жеңіс күнімен құттықтаймын. Өздеріңізге белгілі, аудан көлемінде ауқымды жобалар жыл сайын жүзеге асуда. Қаланың өзекті мәселелерін сала басшыларымен бірге аралап, таныстым. Биылғы жылы да жасалатын жұмыстар жетерлік. Бүгінде аудан орталығынан құны 3,1 млрд. теңгені құрайтын аспалы көпір құрылысы жалғасып, үстіміздегі жылдың күз айында пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз. «Моно және шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында 7 көшенің автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, Бақтыбай батыр көшесі толықтай жөндеуден өтпек. Одан бөлек, жақын күндері өткен аудандық мәслихат сессиясының отырысында аудан орталығынан қосымша 20 көшеге тас жол төсеуге қаражат бөлінді. Білім саласында да іргелі жобалар іске асуда. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде ауданымызда 4 бірдей мектеп пайдаланылуға беріледі. Оның ішінде, қаламыздағы «Арай» мөлтек ауданынан және Сексеуіл кентінен салынып жатқан білім ұялары биылғы оқу жылында пайдаланылуға берілетін болса, келесі оқу жылында тағы 2 мектеп жаңа №5 мөлтек ауданында және Жақсықылыш кентінде табысталатын болады. Денсаулық саласында да үміт күтіп отырған жобаларымыз бар. Үстіміздегі жылы қаламыздың «Шанхай» шағын ауданынан 200 орындық жаңа емхана салынады деп жоспарлануда. «Қамқорлық» орталығына 1,2 млрд. теңге қаржыға ерекше балаларымыздың еміне қажетті жаңа қондырғылар алынбақ. Инвестициялық жобаларда шет қалып жатқан жоқ. Бүгін Түркия мемлекетінен арнайы инвестор келіп, ылғал майлықтар өндіру цехын салу жобасын іске асыратынын жеткізді. Оған қоса, өңірімізге қажетті жобаларды іске асыру үшін қосымша инвестор көзін тарту мақсатында қолдау болатынын айтты. Біз үшін бұл жақсы мүмкіндіктердің бірі. Міне, атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы осындай. Ел Президенті атап өткендей, Қазақстан халқының ертеңін еңселі, болашағын баянды, келешегін кемел ету біздер үшін зор абырой. Өйткені халық сенімінен артық баға жоқ. Атқарған жұмыстарымыздан, алда атқарар шаруаларымыз жеткілікті»-деді, аудан әкімі.
Басқосуда тұрғындар тарапынан аяқ су, кәріз жүйесін салу, түнгі жарықтандыру мен спорт алаңдарын салу сынды бірқатар мәселелер айтылды. Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы тұрғындар көтерген мәселелерді саралап, соған сәйкес тиісті шешімдер қабылданып, жұмыстар реттілігіне сай атқарылатындығын жеткізді.
Кездесуден соң, аудан әкімі қала тұрғындарын жекелеген мәселелер бойынша қабылдады.
Аудан әкімі өңір инвестициясы мен экономикасын ілгерілету бағытында Түрік елінен арнайы келген инвесторды қабылдады.
Түркиядағы «Айс Химия Инрашат» ЖШС директоры Орхан Шенер жоба бастамашылары жергілікті кәсіпкерлер ағайынды Аманжолов Жұбаныш және Аманжолов Нұрбекпен бірге аудан орталығынан «Ылғал майлықтар өндіру» цехын ашуды көздеп отыр.
Аудан басшысы аралдықтар жаңа іскерлік байланыстар орнатып, өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға әрдайым ашық екенін жеткізді.
«Айдынды Арал өңіріне қош келдіңіздер! Біздің өңірге қызығушылық танытып, арнайы сапармен келгеніңіз үшін ризашылығымызды білдіремін. Аймағымызда түрік компаниялардың қатысуымен бірқатар ірі индустриялық жобалар тиімді жүзеге асырылып келеді. Сіздерге перспективалы жобаларды іске асыруда мүмкіндігінше жан-жақты қолдау көрсетеміз. Біздің өңірге келген сапарыңыз Қызылорда облысы мен Түркия елі арасындағы достық байланысты одан әрі кеңейтетініне сенімдімін», – деді, Аманжол Сақыпұлы.
Қуаттылығы күніне 42 000 дана өнім өндіретін кәсіпорын үшін қажетті құрал жабдықтарға Түркияға тапсырыс берілген. Аталған жоба жүзеге асса, Арал ауданында жаңа жұмыс орындары ашылып, салық базасын кеңейтуге мүмкіндік туады. Нысан толығымен шілде айында пайдалануға беріледі деп күтілуде Өндіріске қажетті шикізаттардың барлығы тікелей Түрік елінен тасымалданатын болады. Атап өту қажет, бұндай жоба аймағымызда алғаш рет жүзеге асырылмақ.
Өз кезегінде, инвесторлар өңірге қажетті жобаларға барынша қолдау көрсетіп, әріптестік орнатуға ниет білдірді.
Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Қамыстыбас және Аманөткел ауылдық округінде болып, ондағы сенбілік шараларына қатысып, егіс алқаптары мен тоған шаруашылығының жұмысымен танысты.
Алдымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ауданның белсенді жастары, жергілікті мекеме ұжымдарымен бірге Қамыстыбас ауылдық округіне қарасты «Аққұмшық» жағажайында және Аманөткел ауылдық округіндегі «Кәрібөгет» көпірінің маңайына жүргізілген тазалық шарасына қатысты.
Мұнан соң, Аманөткел елдімекеніндегі «Кенжебаев Айтуған» шаруа қожалығының егістік жұмыстарын көрді. Бүгінде алқапқа 10 гектар жоңышқа, 2 гектар жүгері және 4 гектар бау-бақша өнімдерін орналастырған. Шаруа қожалық алдағы уақытта жер көлемін ұлғайтуға ниетті. Егістік басында болған аудан әкімі шаруаларға еңбегінің берекесін көруіне тілектестік білдірді.
Одан әрі «Тоғанда балық өсіру» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бағамдап өтті. Қазіргі таңда, «Арал Рыбторг» ЖШС директоры Шүкірбай Абдуалиев Аманөткел ауылдық округінен қолдан балық өсіру мақсатында жер телімін алып, 5 дана тоған жерін тереңдету жұмыстарын жүргізуде. Аталған жұмыстар мамыр айының соңына дейін аяқталып, тоғанға су жіберу шаралары басталады деп жоспарлануда.
Аудан басшысы Аспай суағытқысы маңындағы Ескі арнаны қайта бөгеу жұмыстарын көріп, су деңгейін бақылады. Нәтижесінде, сала басшыларына облыстық басқармамен бөгеу жұмыстарының барысын жеделдету бойынша тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.
Сапар барысында аудан әкімі «Camel Pro» шаруа қожалығының егістік алқабына барып, жаңбырлатып суару әдісімен танысты. Қазіргі таңда егін аумағына 100 гектар жоңышқа тұқымы орналастырылған.
10 мамыр 2024
Аралдықтар Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алды
10 мамыр 2024
Аудан әкімі қала тұрғындарымен кездесті
10 мамыр 2024
Аудан әкімі түрік инвесторымен кездесті
10 мамыр 2024
Отан қорғау - нағыз ердің міндеті
10 мамыр 2024
Тазалық шаралары аудан аумағында атқарылды