Әлдекімдер жаңа LRT вагондарына бояумен сурет салып кеткен

1 620

Фото: Әлеуметтік желіденАстана қаласында әлдекімдер жаңа LRT вагондарына бояумен сурет салып кеткен,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Желіде Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы станцияда тұрған LRT вагондарының суреттері жарияланды. Вагондардың сыртына граффити салынған.

City Transportation System (CTS) компаниясы аталған жағдайға қатысты пікір білдіріп, ақпаратты растады.

"Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген CTS компаниясының хабарламасында.




 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.