Ұлытаудан Қызылорда көлдеріне қарай 839 млн текше метрден астам су жіберілді

1 610

adilshayakhmetov2aa.blogspot.comҰлытау облысынан Қызылорда облысының көлдеріне 839 млн текше метрден астам тасқын су жіберілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Су тасқыны кезінде Ұлытау облысының Кеңгір су қоймасынан 839 млн текше метрден астам су жіберілді. Осының нәтижесінде, алғаш рет Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдеріне жетті», - делінген хабарламада.


Дереккөзге сүйенсек, қазір Қызылорда облысының Телікөл көлдер жүйесе су жақсы жиналғаны байқалады.


«Бұл өңірдің ауыл шаруашылығына жағымды әсер етуі тиіс. Жиналған су одан әрі облыстағы күріш алқаптарына ағызылады»,- деп хабарлады Мөлдір Әбдуәлиева.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.