Қызылордада 2 жасөспірім қыз екі күннен бері табылмай жатыр

371
Қызылорда қаласында 14 және 16 жастағы екі жасөспірім қыз екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қызылордада 8 қарашада 14 жастағы Жансұлу Асанова мен 16 жастағы Арнұр Тыныштыбай үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады.

Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз: 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуға болады, - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.