RUB (0.00) 7.64 KZT
USD (-0.10) 462.65 KZT
EUR (+2.40) 477.55 KZT
Қоғам
95

Жаңа танысқан жігітке алданған қыз 2 000 000 теңгесінен айырылған

Интернетте жігітпен танысқан Ақсу тұрғыны 2 млн теңгесінен айырылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ақсу қаласының 33 жастағы тұрғыны жаңа алаяқтық схемасының құрбаны болды. Алданып қалған әйел екі миллион теңгесін алаяққа беріп қойған.
Анықталғандай, тұрғын интернетте жігітпен танысқан. Ол оған Ресей-Украина соғысында жүргенін және жақында Қазақстанға келетінін айтқан. Хат алмасу кезінде ол өз сөздеріне сендіріп, жылы сөздер айтқан. Кейін «сүйікті» досы қыздан жеке заттары, құжаттары және 50 мың доллар көлеміндегі қолма-қол ақшасы бар пакетті қарсы алуды өтінген. Бірақ сәлемдемені шекарадан өткізу үшін мемлекеттік баж салығын және кедендік анықтаманы төлеу керек екенін айтқан. Әйел бірден жақын маңдағы банктен 2 миллион теңге несие рәсімдеп, корреспонденцияда көрсетілген банк шотына жіберген. Ал ақшасын алып алған алаяқ қосымшадан өшірілген.
– Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар адамды анықтауға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүргізіп жатыр, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.