Енді елімізде Hyundai Accent және Hyundai Creta көліктерінің өндірісі тоқтайды
Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Hyundai Accent және Hyundai Creta модельдерін шығаруды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Astana Motors баспасөз қызметінің мәліметінше, геосаяси жағдайға байланысты көктемде Ресей Федерациясынан құрамдас бөлшектерді жеткізу жұмысы тоқтап қалған.
Қазіргі уақытта алдағы жеткізілімдер және жаңа логистика тізбегі мәселесі пысықталып жатыр.
Компания жоғарыда аталған модельдерге кезекте тұрған клиенттерге күтуді жалғастыруды немесе Hyundai-дың басқа моделіне кезекке тұруды ұсынды.
Қосымша сұрақтар бойынша Hyundai дилерлеріне, сондай-ақ 7007 байланыс орталығына хабарласуға болады.
Қаз
Рус






