Көршісінің әжетханасына құлап, қаза тапқан 3 жасар қыз жерленді

1 653

коллаж El.kzҮш күн бұрын жоғалып, дәретханадан өлі табылған 3 жастағы Асылым жер қойнына тапсырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Еске салсақ, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында үш жасар қыздың 16 мамырда жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Ата-анасысының айтуынша, үй тірлігімен жүргенде таңғы сағат 9:00 шамасында бүлдіршін есік алдындағы қақпа алдында ойнап жүрген. Содан кейін бала із-түзсіз жоғалып кеткен.


Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында баланың денесі көрші үйдің дәретханасынан табылған. Кішкентай қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.