Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 43 млн теңге жымқырылған - прокуратура

1 516

Фото: kaznaru.edu.kzАлматы прокурорлары аграрлық университеттегі ұрлықты анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.

Келген шығын — 43,8 млн теңге, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізіп жатыр. 


Тағы бір жағдайда университетке тиесілі 7,9 млн теңгеге коммерциялық үй-жайды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды.


Сотқа дейінгі тергеу Медеу ауданының полиция бөліміне тапсырылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.