Бала күтуші үй иесінің алтын бұйымдарын жымқырған

1 708

Фото: ашық дерек көзіАстанада бала күтуші үй иесінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Елордалық полицейлер 1 млн 762 мың теңге сомасында шығынды құрайтын алтын бұйымдар ұрлығын ашты.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы ауданының ПБ қызметкерлері үйде бала күтуші болып жұмыс істеген 46 жастағы күдіктіні құрықтаған.


«Белгілі болғандай, үй иесі хабарландыру бойынша балаларына күтуші тапқан. Ол жұмыста болған кезде, күтуші үй иесінің зергерлік (алтын сырғалар, сақина және гауһар білезік) бұйымдарын жымқырып үлгерген. Үй иесінің оралуын күтіп, кейін лезде пәтерден шығып, ізін суытқан», – делінген хабарламада.

Ұрлық фактісі бойынша тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, әйелдің бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеріліп жатыр. Ол бұрын алаяқтық үшін сотталған болып шыққан.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.