Қызылордада 15 жастағы оқушыға пышақпен шабуыл жасалды: күдікті ұсталды

1 548

Фото: Motortion FilmsҚызылордада 15 жастағы мектеп оқушысына пышақпен шабуыл жасалды. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Шабуыл жасады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

"Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаменті өкілдері.

Қылмыстық істі тергеу барысын полиция департаменті басшылығы ерекше бақылауға алды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.