Ауруханада 10 айлық бала жұмбақ жағдайда бақилық болды

1 365

Фото: pixabay.comҚостанай облыстық балалар ауруханасына ентігу белгілерімен түскен, сол жерде қайтыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Анасының айтуынша, 1 қарашада бала аздап ентігумен Қостанай облыстық балалар ауруханасына жүгінген. Пневмонияны болдырмау үшін тексеру мен рентген жасау мақсатында баланы ауруханада қалдыруды шешті. Алайда, келесі күні баланың жағдайы нашарлап, жан сақтау бөліміне ауыстырылды.


«Сағат 13:30-да дәрігерлер мені реанимацияға шақырды, бұл маған біртүрлі көрінді, өйткені бұған дейін рұқсат бермеген еді. Реаниматолог: «Өкінішке қарай, ұлыңыздан 13:00-де айырылып қалдық». Мен бұл сөздерді өмірімде ешқашан ұмытпаймын», — деп жазды Ақгүл Бердімұрат.

Ата-ана полицияға арыз жазды.

«Бұл дәрігерлердің кінәсі! Жұмадан дүйсенбіге дейін баламның азап шеккенін көріп, ештеңе істемегендердің бәрі кінәлі! Бұл — олардың немқұрайлылығы!» — деп есептейді қайтыс болған баланың анасы.

Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме берді.

«Денсаулық сақтау басқармасы Қостанай облыстық балалар ауруханасында қайтыс болған баланың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Осы жағдайға байланысты Денсаулық сақтау басқармасы ішкі тексеру жүргізеді. Сондай-ақ, оқиға фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп мәлімдеді ведомство.