Алматы облысында жол апатынан бүтін бір отбасы көз жұмды

760
Subaru Impreza көлігінің жүргізушісі Өтенай ауылы жанында рөлге ие бола алмай аударылған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Олардың ішінде жеті жасар қыз бен бір жасар ұл бар.

Әлеуметтік желіде жол апатының кадрлары жарияланды.

Алматы облыстық полиция департаменті жол апаты кезінде төрт адамның көз жұмғанын хабарлады. Жол апаты 18 ақпанда таңертең Талдықорған-Үштөбе тас жолында болған.

"Subaru Impreza көлігінің жүргізушісі Өтенай ауылы жанында рөлге ие бола алмай аударылған. Қатты соққыдан көлік өртене бастады. Әйел мен ер адам сол жерде көз жұмды. Кәмелетке толмаған екі бала ауруханаға жеткізілді. Бір жасар бала ауруханада қайтыс болды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Кейін жеті жасар қыздың да алған жарақаттан қайтыс болғаны белгілі болды.

Жол апатына қатысты сараптамалар тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.