Балабақша қызметкері қайтыс болды: Ата-аналар туберкулезден шошып отыр

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИАқтаудағы балабақшалардың бірінің қызметкері өткен сәрсенбі күні қайтыс болған. Балабақшаның ата-аналары марқұм қызметкердің туберкулездің ашық формасымен ауырған болуы мүмкін деген хабарламаға қатты қорқып отыр. Оқиғаға байланысты Маңғыстау облысының Білім басқармасы ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Ата-аналар қызметкердің қазасына байланысты балабақшаға каратин енгізіп, уақытша жабуды талап етіп отыр.

Маңғыстау облысының Білім басқармасы «Ұлттық сараптама орталығына» оқиға туралы хабарлаған. Балабақша әкімшілігі енді мамандардың жетекшілігімен ғимарат ішінде санитарлық тазарту жүргізіп жатыр.

«Жуырда мектепке дейінгі мекеменің қызметкері қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, оның қазасы туберкулез ауруымен еш байланысы жоқ. Оның денсаулығына қатысты толық мәлімет беру жауапты медициналық мекеменің құзіретінде», – делінген басқарманың хабарламасында.

Ведомство сол сияқты балабақшаға карантин енгізу немесе уақытша жабу мәселесі санитарлық-эпидемиологиялық органның қолында екенін ашық айтты. Ол тиісті қаулы бойынша ғана қабылданады. Жағдай жіті назарда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.