Сабаққа барғысы келмеген оқушы мектепке «мина қойған»

252
Елордада жасөспірім мектепте «мина қойылды» деп полицияға жалған ақпарат берген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«5 желтоқсанда әлеуметтік желілер мониторингі барысында Төле би көшесіндегі мектептердiң бiрiнде террористік акті болатыны туралы хабарлама анықталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Мектеп ғимаратын тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылмады. Іс-шара эвакуациясыз өткізілді, қауіп жойылды», – делінген хабарламада.

Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жалған ақпарат таратқан адамды анықтады. Ол осы мектептің 13 жастағы оқушысы болып шықты.

«Жасөспірім осылайша сабақ болмасын деп әзілдегенін түсіндірді. Ювеналды полицияның инспекторлары мен баланың ата-анасының көзінше жасөспіріммен бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады», – делінген хабарламада.