САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНАН КЕЙБІР ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР МӨЛШЕРІ АРТТЫРЫЛАДЫ
Жыл сайын ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылармен бірге Қордың ұзақ мерзімді төлемдері де өседі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекке қабілеттілігінен айырылуы және асыраушысынан айырылуы жағдайларына тағайындалатын әлеуметтік төлемдер 6,5 %-ға арттырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Гүлсім Денеева мәлімдеді.
Отандық еңбек нарығында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, атап айтқанда, «платформалық жұмыспен қамту» сияқты жұмысқа орналастырудың жаңа түрі кеңінен тарала отырып, әлеуметтік аударымдар төленуі тиіс тұлғалар санаты да кеңеюде.