Жаңа министр неге бұрынғы орынбасарын өзімен алып кетті?

1 565

Су  ресурстары және ирригация вице-министрі қызметке тағайындалған экс-әкімге  қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Еске сала кетейік, қыркүйектің басында Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалған болатын. Ол әкімдіктегі бұрынғы қарамағындағы қызметкері Ерболат Ибрайхановты жаңа министрлікке орынбасары етіп тағайындады.


Министрліктің  берген мәліметі бойынша, Ерболат Ибрайханов тариф саясаты мен құрылыс мәселелерін қадағалайтын болады. Оның өзіне сеніп тапсырылған салада сауатты маман екені айтылды – оның монополияға қарсы реттеуде көп жылдық тәжірибесі бар.


"Ол осы салада 17 жылдан аса жұмыс істеді, бұл оның білімін тарифтік саясатта қолдануға мүмкіндік береді. Ол әкімнің орынбасары ретінде құрылыс мәселелеріне жетекшілік етті", - деді ведомство өкілдері.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.