Қазақстанда 17 мыңнан аса адам банкрот деп танылды
Қазақстанда 17, 9 мың адам банкрот деп танылды. Соттан тыс банкроттық рәсіміне 131 мыңнан астам өтініш келіп түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар 6,6 мың өтініш мемлекеттік кірістер органдарында қаралып жатыр.
Банкорот деп танылған 17,9 мың азаматтың жалпы қарыз сомасы 40,9 млрд теңгені құрады.
Қаржы министрлігі өкілінің айтуынша, банкроттық рәсімінің кейбір критерийлеріне сәйкес келмеген өтініштерге теріс жауап қайтарылған. Атап айтқанда, 12 айлық төлем қабілетсіздігі болмауына байланысты; соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізімінде кредиторлардың болмауы; мүліктің болуы; кредитормен реттеу рәсімін растайтын құжаттың болмауы; 1 600 АЕК көлеміндегі қарыз шегінен асып кетуі.