Атырауда адамды алабай талап тастады
Атырау қаласында қабаған ит 43 жастағы ер адамды талап тастады. Қазір ол ауруханада жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы WhatsApp мессенджерінде видео тарады. Видео авторының айтуынша, оқиға Атырау қаласындағы Балауса шағын ауданында болған. 14-көшедегі жол бойында бейқам тұрған ер адамды алабай тұұқымдас ит талаған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, ит талаған ер адам облыстық аурухана жатыр.
Атырауда бұған дейін де қабаған иттер адамдарды бірнеше рет талаған дерегі тіркелген. Мәселен, биылғы 7 мамырда 5 жасар қызды ит талап тастаған.
Ал, Атырау қаласының тұрғыны Әсем Байжанның айтуынша, қаңғыбас ит оның балаларына да, өзіне де бірнеше рет шабуыл жасаған.