Қызылордада төлем терминалдарына ұрлыққа түскендер ұсталды

218

Қызылордада төлем терминалдарына ұрлыққа түскен екі қала тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 29 сәуірде ойын-сауық орталығының қызметкері белгісіз адамдардың пластик терезені бұзып кіріп, 4 дана Playstation және 10 дана джостик құралын ұрлап кеткендігін айтып шағымданған.


Күдіктілерді полицейлер бейнекамералар арқылы анықтады. Қаланың 32-33 жастағы тұрғындары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ заттар тәркіленді, – деді облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Нұғман Аманжолов.


ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тексеру барысында қарақшылардың ұрланған ақшаларды бас пайдаларына жаратқандығы анықталды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.