Енді туу туралы куәлікті постаматтан алуға болады
1 343
Қазақстандықтар ХҚКО-ға бармай-ақ туу туралы куәлік ала алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әділет министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, «Kaspi Bank» АҚ постаматтары арқылы азаматтарға туу туралы куәлікті жеткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр.
Жоба осы жылы жүзеге асады.
«АХАТ органдары берген электронды құжат бойынша – туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу туралы куәліктер мен анықтамалар бойынша электрондық жеткізілімді қолдануды дамыту жоспарланып жатыр. Жаңа өзгерістер азаматтарға аталған құжаттарды алуға және оларға бір өтініш шеңберінде апостиль қоюға мүмкіндік береді» деп жазылған primeminister.kz сайтында.