Шоу-бизнес жұлдыздарының діни мәселелерді көтеруі дұрыс па: Дін істері комитеті жауап берді

420

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов танымал тұлғалардың діни мәселелерді қозғауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде "соңғы уақытта шоу-бизнес жұлдыздары, қоғамдық пікір жетекшілері діни мәселелер туралы пікір айта бастады. Әлеуметтік желіде үлкен аудиториясы бар, бірақ арнайы діни білімі жоқ адамның дін тақырыбында сөйлеуі, пікір білдіруі қаншалықты дұрыс?" деген сұрақ қойылды. 

"Бұл мәселе өте өзекті, қазір діни білімі бар адамдар да, жоқ адамдар да пікір білдіріп жатады. Менің айтарым, дін тақырыбы – өте күрделі, өте нәзік тақырып, сондықтан оған дайындықпен келген дұрыс. Бұл салада ой айту үшін, ұсыныс беру үшін саналы түрде ақыл-ой жинақтап келу керек және сол саланың маманы болу керек. "Шымшық сойса да, қасапшы сойсын" деген мақал бар. Яғни әр саланың маманы болу керек. Ал қандай да бір үрдіс үшін немесе өз танымалдығы үшін мемлекеттікке, бірлікке нұқсан келтіруге болмайды, бұл шатысуға алып келеді. Сол себепті мамандар жұмыс істеуі керек. Әрине, басқалар да өз пікірін білдіруге ерікті, бірақ халықты адастырмауы керек", – деп жауап берді дін істері комитетінің төрағасы.

Айта кетсек, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитеті Қазақстанда енді дінге сенбейтіндердің құқықтарын заңдастыратынын айтқан болатын. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.