"Эйр Астана" мен Fly Arystan Ресейге кейбір рейсін тоқтатты

378
Air Astana компаниялар тобы Ресейге кейбір рейсін тоқтатты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тасымалдаушының мәліметінше, "Эйр Астана" компаниялар тобы өндірістік себептерге байланысты Қазақстаннан Ресей Федерациясының қалаларына ұшатын бірқатар рейсті уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. 

"Қазір Алматыдан және Нұрсұлтан Назарбаевтан Мәскеуге бағыт бойынша рейстер орындалып жатыр. "Эйр Астана" өндірістік мәселелерді тез арада шешуге бар күшін салады. Сәтті болған жағдайда" Эйр Астана" мен FlyArystan келесі аптаның басында Ресей қалаларына ұшуды жалғастырады", - деп хабарлады компания. 


Еске салайық, басқа екі қазақстандық әуекомпания Ресейге рейстерді жалғастыруға уәде берді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.