Тоқаев күйеу баласын қызметтен босатты

612

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бірнеше елшіні ауыстырды. Олардың арасында күйеу баласы Теміртай Ізбастин де бар. Ол Қазақстанның Болгариядағы елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол — Президенттің қарындасы Қарлыға Ізбастинаның күйеуі.
Естеріңізге салып өтейік, 5 маусымда өткен референдум аясында қабылданған өзгерістерге сәйкес президенттің жақын туыстары басшылық қызметтерді атқара алмайды.


Ізбастиннің орнына Виктор Темірбаев Болгариядағы Қазақстанның өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Сонымен қатар Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған Мәлік Мырзалин Қазақстанның Грузиядағы елшісі қызметіне ауысты. Бұған дейін осы қызметті атқарған Бауыржан Мұхамеджанов жұмысынан босатылды.


Қазақстанның Литвадағы төтенше және өкілетті елшісі болып Тимур Оразаев тағайындалып, Түркиядағы елші Еркебұлан Сәпиев Албанияға ауысты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.