Әкімдік қызметкері жемқорлық жасап ұсталды

1 771

Фото: kazpravda.kzПрокуратура жүргізген тексерудің нәтижелері бойынша Қарағанды облысында кент әкімі аппаратының бухгалтері сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Осакаров ауданының прокуратурасы Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері 2022-2023 жылдар аралығында өзіне жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам жалақыны негізсіз есептегенін анықтады. Алаяқтық фактісі бойынша прокуратура қылмыстық іс тіркеді», - делінген хабарламада.


Осакаров аудандық сотының үкімімен Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.


Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.