Шығыс Қазақстанда иіс тиген 74 жастағы кейуана көз жұмды

329
Шығыс Қазақстан облысында иіс тиген 74 жастағы зейнеткер мерт болып, екі бала ауруханаға түсті- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бірінші оқиға 24 қазан күні сағат 20:44-те Алтай қаласында болған.

Ауруханаға улану белгілерімен екі бала, атап айтқанда 2012 жылғы ұл мен 2019 жылы туған қыз түсті.

Тағы бір оқиға 25 қазанда Семей қаласында болған. Пеш мұржасының уақытылы тазаланбауынан иіс тиген 1947 жылғы әйел көз жұмды. Құтқарушылар осыған дейін бұл үйлерде қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмысын жүргізіп, бұзушылықтар туралы ескерткенімен олар еш назар аудармаған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жеке тұрғын үйді тексеру барысында департамент мамандары балаларға пеште жарық болуы салдарынан иіс тигенін анықтады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.