Ашулы ұшқыш әуеде "жыныс мүшесін" салып кеткен
Ұшу бағытын өзгерту керек болғандығына ашуланған Lufthansa әуе компаниясының ұшқышы аспанда жыныс мүшесін бейнелей ұшқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Lufthansa ұшқышы Катанияда қонуға рұқсат бермегеніне көңілі түсіп кетіп, Мальтаға қайтар алдында ұшақпен жыныс мүшесін бейнелеп ұшып өткен.
306 рейсі Германияның Франкфурт қаласынан Сицилияға бет алған, орта жолда ұшақтың шілде айныда өрт болған Фонтанаросс әуежайында қона алмайтыны белгілі болады, - деп хабарлайды La Repubblica.
Аты-жөні аталмаған Lufthansa ұшқышы әуе кемесін кері бұруға тура келгеніне ашуланыпты. Оған алған бағытынан оңтүстікке қарай бұрылып, Мальта аралына қону керегі айтылған.
Міне осы кезде ұшқыш ер адамның жыныс мүшесіне ұқсас сурет шығатындай айналшақтап ұшқан екен. Flight Radar әуе қозғалысының веб-сайты хабарлағандай, ұшқыштың бұған 16 минут уақыты кетіпті.
Lufthansa компаниясының ресми өкілдері La Repubblica басылымына түсіндіруі бойынша, мұндай сурет қасқана емес, ұшқышқа жаңа бағыт айтылғанға дейін Катания әуесінде айналшықтап жүргенде оқыста пайда болған.