Жекеменшік ұшақ құлап екі адам қаза тапты

1 663

Фото: Pixabay.comАстана қаласы маңындағы Жоламан әуеайлағында жеңілмоторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" деп хабарлайды ақпарат агенттігі.

Оқиға 22 маусымда 11:30 шамасында болған.

“Оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы авиациялық оқиғаға ұшырады. Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын-ала мәліметке сәйкес бортта екі экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелері қайтыс болды”, – делінген көлік министрлігінің хабарламасында. 

Оқиғаны тергеп-тексеру үшін қолданыстағы ережеге сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылады. 

“Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті қызметкерлері авиациялық оқиғаға орнына барады”, – деп қосты министрліктің баспасөз қызметі.


 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.