Әкесін сотқа берген студент оқуын аяқтағанша алимент талап еткен

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИБҚО Қазталов аудандық соты колледж студентінің оқу кезеңіне алимент өндіріп алу туралы әкесіне берген талап арызын қарады, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Жас жігіт колледждің күндізгі бөлімінде оқиды. Ол оқуын аяқтағанға дейін әкесінен алимент тағайындауды сұраған.

Іс қаралғанға дейін татуластырушы судья татуластыру рәсімін өткізді. Нәтижесінде әкесі мен баласы өзара келісімге келді.

Әкесі 2026 жылдың 25 қыркүйегінен 2027 жылдың 25 маусымына дейін ұлына ай сайын 40 мың теңгеден төлеуге міндеттенді.

Келісім жасалғаннан кейін студент талап арызынан бас тартып, сот істі тоқтатты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.