Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежай мемлекет меншігіне өтті

1 433

Фото: dzen.ruАстана халықаралық әуежайы қалалық әкімдіктіктің меншігіне өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Астана әуежайы бұған дейін «Terminals Astana Airport Management» деп аталатын араб компаниясының басқаруында болған. Әкімдік бұл компаниямен жаңа келісім шарт жасасуға дайындық жүріп жатқанын айтты. 

«Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімінің аяқталуына байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті. 2025 жылдың 7 қаңтарында мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылдың 7 қарашасынан басталған», деп хабарлады әкімдіктегілер.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.