Заңсыз қалдық полигондар үшін әкімдер жауапкершілікке тартылды
Павлодар облысында экологиялық талаптарды бұзғаны үшін сегіз әкім әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде Аққулы ауданы аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жиырмадан астам полигон анықталған. Бұл туралы ведомство хабарлады. Анықталған нысандардың ешқайсысында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат құжаттары болмаған. Тексеру барысында экологиялық талаптардың сақталмауы да тіркелген.
Тексеру қорытындысы бойынша сегіз ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы 1,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.







