Лифт істемегендіктен 8-ші қабатқа баспалдақпен көтерілген зейнеткер көз жұмды

1 610

Pixabay.comОралда сегізінші қабатқа баспалдақпен көтерілген зейнеткер есінен танып, артынша көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сырым Датов, 17 мекенжайындағы жатақханада тұрған зейнеткер Мәншүк Құдабаева 8-қабаттағы пәтеріне бір жыл бойы жаяу көтеріліп жүрген. Себебі жеделсаты жұмыс істемеген.


70 жастағы қарт әйел жеделсатыны әйтеуір бір жасайды деген үмітпен күн сайын немересін балабақшаға шығарып салып жүрген. Зейнеткер күндегідей сегізінші қабатқа жаяу көтерілген. Пәтеріне кіруге де үлгермей, есінен танып құлап қалған. Жедел жәрдем келді, бірақ есін жимастан көз жұмды. Олардың айтуынша, сегізінші қабатқа көтерілгеннен кейін қан қысымы күрт көтеріліп кеткен.


Жеделсатыны жөндеуге 1 миллион 200 мың теңге қажет дейді осы үйдің тұрғындары. Алайда бұған қаражат жинауға мүмкіндіктері жоқ. Зейнетақысы 100 мыңға әрең жететін тұрғындар қаражатының тең жартысы дәрі-дәрмекке жұмсалатынын айтты. 


Облыстық мәслихат депутаты №17 жатақхана тұрғындарына келіп, жеделсатыны жөндеуге демеуші іздеу керектігін айтқан. Зейнеткердің қайтыс болғанын жатақхананың 9-қабатында тұратын марқұмның көршісі хабарлаған.