ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ҮЗДІК АУДАН» АТАНДЫ
Қызылорда қаласы өнер орталығында өткен «АЛТЫН КҮЗ – 2024» салтанатты жиынында Жалағаш ауданының еңбеккерлері марапат төрінен көрінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген-ҮЗДІК АУДАН» номинациясын аудан әкімі Ардақ Ибраимовқа табыстады.
Еңбек адамын құрметтеуге шақырған Ел Президенті, Үкімет басшысы қолдауымен Сыр өңірінде су тапшылығы орын алмай, «Қызылорданың Қостанайы» атанған жалағаштықтар биыл кезекті науқанда мол табысқа кенеліп, облыс чемпионы атанды.
Жалағаш ауданы бойынша 2024 жылы бекітілген сызбасына сәйкес 37218 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды.
Орналастырылған 19800 гектар күріш дақылы толық жиналып алынды. Күріштің әр гектарынан 60,5 центнерден, барлығы 1197900, цн өнім жиналды.
Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін бидай, арпа, сұлы, қант құмайы, мақсары, картоп, көкөніс, бақша дақылдары толық жиналып алынды.
Қазіргі таңда күріш дақылымен қатар жоңышқа дақылыда орылып жиналды.
Бүгінгі күнге 4850 га жаңа жоңышқаның әр гектарынан 12,5 центнерден, барлығы 60625 центнер.
8091 гектар ескі жоңышқаның 191 гектары тұқымға алынып, қалған 7900 гектар жоңышқаның әр гектарынан 65,0 центнерден, барлығы 513500 центнер өнім алынды.
Аудан шаруашылықтары техника паркін жаңарту жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді.
Биылғы жылы 1670,6 млн теңгеге 26 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.