Экс-әкім бостандықта қалу үшін танысына миллиондап ақша төлеген
Сыбайлас жемкорлық әрекеті үшін сотталған Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаев қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін танысына 100 млн теңге ақша берген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
2022 жылдың көктемінде Ермек Имантаевқа танысы Нұрлан Балтаев хабарласқан. Ол Имантаевқа сыбайлас жемкорлыққа қарсы қызмет агенттігінде танысы арқылы қылмыстық жауапкершілік құтылуға болатынын, ондай көмектің құны 100 миллион теңге болатынын айтқан. Имантаев бұл ұсынысқа келіскен.
Балтаев оны ақша тезірек табуға асықтырып, жағдайдың өз бақылауында екенін айтып сендірген. Имантаев ішіне өнеркәсіптік база кіретін "Capital Investment Grup" ЖШС 70 пайыздық үлесін Балтаевқа берген. Сондай-ақ, Имантаев 30 миллион теңге қарыз алып, сомманың қалған бөлігі ретінде берген. Бірақ, Балтаев уәдесінде тұрмаған.
Нәтижесінде Балтаевқа алаяқтық жасады деген айып тағылып, іс сотқа жіберілді. Алғашқы сот отырысында прокурор тағылған айыптың кейбір мәліметтерін айтты.
Балтаев прокуратурамен кінәсін мойындау туралы келісімге келіп, 5 жылға бас бостандығынан айыруға келіскен.