Бұрын сотты болған ер адам зейнеткер мен немересіне шабуыл жасаған

195

Батыс Қазақстан облысында итін серуендетуге шыққан зейнеткер мен оның немересіне бұрын сотталған ер адам шабуыл жасады. Зардап шеккендердің сөзінше, қара түсті киім киген ер адам әйелді бірнеше рет ұрған. Кейін баланы да ұрып қашып кеткен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.


Фото: pixabay.comӘйел алған соққылардың салдарынан есінен танып қалған. 

"Біз әңгіме айтып келе жатқанбыз, кенеттен артқы жағымнан келіп ұрды. Тіпті бір нәрсе істеп үлгермедім, есімнен танып қалдым. Кинода мүлде басқа, шын өмірде басқа. Бірақ немерем үшін қорықтым. Қорғансыз зейнеткер мен балаға шабуыл жасау үшін қандай оңбаған болу керек. Бір рет осылай істесе, келесі жолы пышақ, темір немесе тас алуы мүмкін. Ол үнсіз ұрды, өзіммен бағалы зат та болмады. Не ойлағанын да білмеймін. Сосын бір жігіт келіп, орнымнан тұруға көмектесті. Қазір мен немерем үшін қорқамын. Мұндай оңбағандардың ауыр жазаланғанын қалаймын", – дейді Наталья Баклицкая. 


Зардап шеккен әйелдің қызы Ирина құқық қорғау органдарының істі тергеуге асықпайтынын айтып, шағымданды. Сөзінше, олар өздері қаскөйді ұстап, бейне бақылау камераларын қараған. Тіпті сот-медициналық сараптамадан да өткен. 

"Оның қашып бара жатқанын көрген куәгерлер де бар. Біз бірден жедел жәрдем мен полиция шақырдық, ұстау кезінде ер адам учаскелік полицейді ұрып жіберді. Анамды аурухана алып кеткен, жабық ми жарақыт бар, миы шайқалған, мұрны сынып, жұмсақ тіндер зақымдалған. Баланың беті көгерген, жырылып қалған. Анам ауруханада бір түнге қалды. Сол жерде полицейлер тергеді, бірақ бүгінге дейін ешкім қоңырау шалмады. Ол ер адам кім, анам мен жиенімді не үшін ұрды, қандай жаза күтіп тұр – ештеңе білмейміз. Бір көргенде жас, байсалды, қара түсті киім киген. Бүгін өзіміз барып, сот-медициналық сараптамаға жолдама алдық. Тіпті ешкім бейне бақылау камерасын қарамады. Мұның барлығымен өзіміз шұғылдандық. Қаскөйді көршілер ұстаған, камераны күйуім қарады. Бәрін өзіміз істеп жатырмыз", – деп шағымданды Ирина Баклицкая. 


Әйелдің сөзінше, енді балаларды жалғыз жіберуге қорқады екен. Себебі Самал-3 ауданында алкогольді ішімдік ішетіндер көбейген. Отбасы Ресей азаматтары, сондықтан Ресей елшілігіне шағымданып, жағдайды шешуге көмектесуді сұраған.
Болған оқиғадан соң зардап шеккен зейнеткердің екінші қызы Мәскеуден келген. Галина да ер адамды жазалауды талап етіп, арыз жазған. 

"Бастапқыда менің бәрібір кететініме сілтеп арызды қабылдағысы келмеді. Анам мен баламда билет болған, олар Саратовтан Мәскеуге ұшып кетуі керек еді. Алайда жоспарды өзгертуге тура келді", – деді Галина Баклицкая.


Иринаның күйеуі Дмитрий Марченконың айтуынша, тұтқындау кезінде ер адам өзін агрессивті ұстаған, балағат сөздер айтып, босап кетуге тырысқан.Бірақ оны көршілері ұстап қалыпты. 

"Айқайды естіп, далаға шықтым. Сол кезде 300 метрдей жерден оны көрдім, Біреумен сөйлесіп тұр екен, менің айтқаныма дөрекі жауап берді. Қолымды жұлқып, қашып кетті. Бірақ оны ұстадық, полицейлер келіп, алып кетті. Ол адамды қоғам үшін қауіпті деп санаймын, оның үстіне қарт әйел мен балаға қол көтерді. Бұған дейін оны көрмегенмін", – деді көршісі, жол полициясының инспекторы Тағат Барасов.


БҚО полиция департаменті оқиғадан кейін Бәйтерек ауданының 28 жастағы тұрғыны ұсталғанын мәлімдеді. Қазір оның үстінен "Бұзақылық" бабымен іс қозғалған. Бұған дейін ол осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған.