Қызылордада колонияға сүйек майына жасырылған есірткі заттарын өткізбекші болған
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №60 мекемесіндегі сотталғанға әйел адам есірткіні сүйекке жасырып беруге тырысқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
2024 жылдың 21-ші қазан күні сағат 16.50 шамасында №60 мекемесінің жедел бөлімінің ақпаратына сәйкес, мекемеде жазасын өтеуші 8 жылға жалпы режимге сотталған азаматпен кездесуге келген, азаматшаның өзімен бірге сотталғанға алып келген сәлем сауқатын ҚАЖД ӨҚБ жедел уәкілі әділет подполковнигі С.Жоламановтың қатысуымен тексеру барысында, тамақ өнімдерінің ішінен, яғни пісірілген сүйектің ішіне жасырылған өткір исі бар, жасыл түсті белгісіз шөп табылды.
Қызылорда қалалық ПБ-ның жедел-тергеу тобы келіп белгісіз затты тексеріп, анықтау барысында тамақ өнімдерінің ішінен, пісірілген сүйектің ішіне жасырылған 19 дана ақ түсті полиэтилен пакетке оралған өткір исі бар затты анықтады. Зерханалық қорытындысының нәтижесіне сәйкес салмағы 57,97 гр есірткі заты кептірілген (марихуана) табылып анықталды.
Аталған деректер бойынша Қызылорда қалалық ПБ-нің СДТТБТ-не №2443100312249 санымен тіркеліп тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.