Жеке жанжалдан кейін ер адам асылып өлмек болды

1 528

Фото: ©istockphoto.comТүркістан қаласында әйелімен ренжісіп қалған ер адам мас күйінде асылып өлмек болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан қаласының патрульдік полиция батальонының 6-взвод қызметкерлері Серікбай Сламхан мен Ералы Найзабектің жедел әрі кәсіби әрекеттері адам өмірін сақтап қалды.(Видео)

"Олар қызметтік міндеттерін атқару барысында отбасылық жанжалға байланысты «102» арнасы арқылы шұғыл шақырту алған. Оқиға орнына дер кезінде жеткен тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынның масаң күйде өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын анықтады. Ол қақпаға байланған арқанға асылып, өміріне қауіп төндіріп тұрған. Полиция қызметкерлері бірден жедел әрекетке көшіп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Азаматқа дер кезінде көмек көрсетіліп, оның өміріне төнген қауіп сейілді. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, жағдайы бақылауға алынған", – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Оқиға полиция қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі мен батылдығын көрсетті. Үйлесімді әрі нақты іс-қимылдың арқасында адамның өмірі аман қалды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.