Қарағанды облысында екі ер адам көлікпен бірге өртеніп кетті

226

Қарағанды облысында екі адамның өліміне алып келген жол апаты болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Фото: polisia.kz


Полиция мәліметінше, 17 қыркүйекте Шет ауданында Ақой-Бұрма тас жолында 36 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай, жолдың шетіне шығып кеткен. 


Кейін Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігі өртеніп кетті. Салдарынан жүргізуші мен 39 жастағы жолаушы – Данияр Турбаев, Қарағанды облысы полиция департаменті аймақтық әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. 


Аталған дерек полицияда тіркелді, сәйкес сараптамалар тағайындалды.