Қазақстанда зейнетақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді

1 642

Фото: ©GhatGPT арқылы жасалғанҚазақстанда жұмыс істейтін азаматтар үшін жаңа мүмкіндік пайда болды, енді зейнетақыға қосымша ақша жұмыс беруші есебінен жиналады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда зейнетақы жүйесіне жаңа өзгеріс енгізілді. Енді жұмыс берушілер қызметкерлері үшін қосымша зейнетақы жарнасын төлейді. Бұл – қызметкердің өз қалтасынан шықпайтын, бірақ оның болашағына жұмыс істейтін ақша. Бұрын зейнетақы екі көзден (мемлекет және жеке жинақ) қалыптасса, енді үшінші көз пайда болды, ол жұмыс берушінің аударымы.

Жүйе, әсіресе, 1975 жылдан кейін туған адамдар үшін маңызды. Себебі олардың болашақ зейнетақысы қаншалықты тұрақты аударым жасалғанына байланысты болады. 2026 жылы жұмыс беруші әр қызметкер үшін оның табысының 3,5%-ын аударады. Ал 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш 5%-ға дейін өседі. Қазірдің өзінде жүйе жұмыс істеп тұр. 2026 жылдың 1-ші сәуіріне дейін 5,8 миллион қазақстандыққа осындай қосымша зейнетақы жинақтала бастаған. Жыл басынан бері бұл мақсатқа 951 миллиард теңге аударылған. Маңыздысы, өзгеріс жұмыс берушілерге де ауыр салмақ салмайды. Себебі олар төлеген жарналарды салықтан шегере алады.