Парамен ұсталған шенеунік жазасын колонияда өтейтін болды

202
Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев әрі қарай жазасын өтеу үшін Атыраудағы тергеу изоляторынан елордалық ЕЦ-166/10 (колония-қоныс) мекемесіне ауыстырылды,  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Ал оның сыбайласы – облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Басаров әлі тергеу абақтысында отыр және этапталмас бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген.

“Иә, Басаровтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы арызы №2 қалалық сотқа түсті, судья әлі тағайындалған жоқ”, - деп хабарлады “Ақ жайық” тілшісіне облыстық соттың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, биыл 17 мамырда сот Таубаевты пара алуда кінәлі деп танып, 10 жылға, Басаровты бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарып, жазасын қауіпсіздігі ең төмен түзеу мекемесінде (колония-қоныс) өтеу туралы үкім шығарған болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.