Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті

1 115

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі«AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Оған партияның аудандық филиалының төрағасы Ғазиз Әліш қатысты.

Жиынның күн тәртібінде партияның аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне ағымдағы жылдың 9 айы бойынша азаматтардан келіп түскен өтініштерді орындалуы қаралды.

2024 жылдың 9 айындағы көрсеткіші бойынша, партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 149 жеке және көшпелі, тақырыптық қабылдаулар өткізіліп, 546 тұрғын түрлі мәселелерімен жүгінген. Оның ішінде оң шешімін тапқан өтініштер 76%-ды құраса, ал қалған өтініштерге заң аясында кеңес берілген.

Отырыс барысында Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қоғамдық қабылдау шараларын әрі қарай жандандыру бойынша және жұмыс регламентіне сәйкес келіп түскен өтініштердің орындалуына бақылауды күшейту бойынша ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Сондай-ақ жиында қаралған екінші мәселе Партиялық бақылау комиссиясының отырыстарында 9 айда берілген ұсыныстардың орындалуы. Бұл жайында комиссия төрағасы Әділбек Сарабеков хабарлама жасады.

Жалпы, Партиялық бақылау комиссиясымен осы кезеңге дейін 8 отырыс өткізіліп, 16 мәселе қаралып, 72 ұсыныстар хаттамалық негізде тиісті орындарға жолданған. Қазіргі таңда берілген ұсыныстардың 63-сы орындалып, қалған 9-ы орындалу үстінде.