Браконьерлерден 134 келі балық тәркіленді
1 512
Қарағанды облысында браконьерлерден 1500 метр ау мен 134 келі балық тәркіленген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Рейдтік іс-шара барысында Қарағанды облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы Балқаш қаласы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Балқаш көлінің жағалауынан 15 шақырым қашықтықта браконьерлер мінген автокөлікті анықтаған.
Аталған дерек бойынша 42 жастағы жүргізушіге және оның 34 және 35 жастағы екі серігіне қатысты заңсыз балық аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Тағы да оқыңыздар

Мақсатқа тұсау масылдық
1 539






