Банкрот жариялаған борышкерлерге қандай шектеулер қойылмақ?

278
Вице-министр Ержан Біржанов елімізде банкрот жариялаған жеке тұлғаларға шектеулер қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Оның айтуынша, банкроттық рәсімдеген қазақстандықтар 5 жыл бойы кредит ала алмайды.

Қайтадан банкроттық рәсімдеу үшін арада 5 жыл уақыт өтуі керек. Мысалы, заң жобасы ендігі жылы күшіне енді деп есептейік. 2023 жылы адам банкрот деп танылса, ол қайтадан банкроттық рәсімдеу үшін 7 жыл күтеді. Демек, 2028 жылы ғана қайтадан банкроттық рәсімдей алады. Банкроттықтан кейін оны рәсімдеген жеке тұлғаның қаржылық жағдайына 3 жыл мониторинг жүргізіледі. Мұндай тәжірибе Еуропа елдерінде бар. Өйткені әдейі банкроттық рәсімдегендерді анықтауға осындай тәсіл қолданылады, - деді Ержан Біржанов.

Министр жеке тұлғаның банкроттығын оның атынан сенім білдірілген тұлғалар, туған-туыстары рәсімдей алмайтынын атап өтті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.