ҚОСТАНАЙЛЫҚ ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ НЕСИЕЛЕРІ КЕШІРІЛУДЕ

135

Фото: Еуразиялық банк

Еуразиялық банк Қостанайлық өрттен зардап шеккен тұрғындардың несиесін кешіре бастады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Қостанай облысында төтенше жағдай орын алып, өрт болды. Өрттің жалпы аумағы шамамен 43 мың гектар. Оқыс оқиға 91 тұрғын үйге залал келтірді. Осы орайда Еуразиялық банк өңір тұрғындарына қолдау көрсетуге шешім шығарды.

13 қыкүйектен бастап Еуразиялық банк Қостанай облысында аталған клиенттердің  үш несиесін кешірді.


"Осы өңірде белсенді жұмыс істеп жатқан банк ретінде біз табиғи апат кезінде үйлері толығымен өртенген клиенттердің бұрыннан бар несиелерін кешіруді бастадық. Жақын арада халықтың тұрмысы жақсарып, зардап шеккен ауылдар көптің көмегімен гүлдене түседі деген үміттеміз", — деді Еуразиялық банк басқармасының төрағасы Валентин Морозов.


Облыс тұрғындарына қолдау ретінде банк "Қайырымдылық KZ" бірыңғай қорына қаржылай көмек аударды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.