Бас прокуратура Әблязовты елге қайтару үшін бар күшін салуда

171
Еліміздің бас прокуратурасы Әблязовты қайтару жөнінде Францияға сұраныс жолдады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Қазақстанда экс-банкир Мұхтар Әблязовқа қатысты қудалау органдарымен 2 қылмыстық іс қозғалған. Біріншісі, БТА банктің қаражатын жымқыруға қатысты. Екіншісі, Татишевтің өліміне байланысты. 2 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімінің күшіне енгеннен кейін тиісті экстрадиция бойынша Францияның өкілетті органдарына біздің сұраныс хаттар жолданды, - деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Оның айтуынша, «ол сұраныс хаттардың қаралу сатысы әртүрлі мерзімде».

Қазіргі таңда оның статусын Францияның өкілетті органдары күшін жойды. Осы және басқа да біздің қолданып отырған шаралар меніңше, септігін тигізеді. Сұраныс хаттар біздің бақылауымызда. Біз оның орындалуына бар күшімізді саламыз, - дейді Бас прокурордың орынбасары.

Еске сала кетсек, бұған дейін Франция Мұхтар Әблязовқа саяси баспана беруден бас тартқан еді.