Балабақша бюджет қаржысына 13 тонна шай сатып алмақ болған
Абай облысы Ақсуат ауданында бюджет қаржысына балабақшаның бірі 13 тонна шай сатып алмақ болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ұлан Сәдуақасовтың айтуынша Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында Ақсуат ауданының "Балдырған" балабақшасы 13 тонна шай сатып алуды жоспарлағанын анықтаған.
Аталған департаменттің араласуымен жоспарланған 13 тонна шайдың мөлшері 19 килограммға дейін төмендетіліп, нәтижесінде 57 млн теңгеге жуық қаражаттың талан-таражға түсуіне жол берілген жоқ.