Балабақша бюджет қаржысына 13 тонна шай сатып алмақ болған

1 590

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Pixabay.comАбай облысы Ақсуат ауданында бюджет қаржысына балабақшаның бірі 13 тонна шай сатып алмақ болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ұлан Сәдуақасовтың айтуынша Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында Ақсуат ауданының "Балдырған" балабақшасы 13 тонна шай сатып алуды жоспарлағанын анықтаған.

Аталған департаменттің араласуымен жоспарланған 13 тонна шайдың мөлшері 19 килограммға дейін төмендетіліп, нәтижесінде 57 млн теңгеге жуық қаражаттың талан-таражға түсуіне жол берілген жоқ.


"Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай терезе арқылы мониторингтеу мәселесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер бізге айтарлықтай көмек көрсетеді. Олардың белсенділігінің арқасында жыл басынан бері 97 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Жалпы, І тоқсан қорытындысы бойынша үнемделген қаражат сомасы 347,4 млн теңгені құрады", - деді Ұлан Сәдуақасов.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.