"Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін 43 млрд теңге керек" – министрлік

217

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін 43 млрд теңге керек екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ол президент мүгедектігі бар және асыраушыларынан айырылған азаматтарды әлеуметтік қолдауды күшейтуді тапсырғанын еске салды.


«Жыл басында мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі 8,5%-ға арттырылды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Қаржы министрлігімен бірлесіп, мүгедектігі бар азаматтарға, оларға күтім жасайтын тұлғаларға және асыраушысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері тағы 14,5%-ға арттыру мәселесін пысықтап, есеп-қисабын жасап жатырмыз. Қосымша қажеттілік 43 млрд теңгеден асады», - деді ол Үкімет отырысында.


Сондай-ақ, Тамара Дүйсенова мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған пилоттық жобаларға тоқталды:


  • Бұған қосымша 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар азаматтарды жоғары сапалы катетермен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджетті нақтылау кезінде қосымша 328 млн теңге бөлінген;
  • Гигиеналық құралдардың (жөргектердің) нормативін 2 есеге жергілікті бюджет қаражаты есебінен көбейту қарастырылған;
  • Психикалық ауытқуы бар балаларды санаторий-курорттарға емдеуге жіберу критерийлері Денсаулық сақтау министрлігімен бірге айқындалып, биыл пилоттық режимде еліміз бойынша 1000 бала сауықтыру шипажайларына жіберілмек;


«Пилоттық түрде жан басына шаққандағы нормативті ендіру және әлеуметтік қызмет көрсетуге жеке секторды кеңінен тарту қарастырылды. Пилоттық жоба 7 өңірде жүргізілетін болады», - деді министр.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.