Алматыда тұрғын үйдің 25-қабатынан секірген қыз туралы көршілері айтып берді

617

Алматыдағы Розыбакиева көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің бірінің 25-қабатынан секіріп кеткен бойжеткен туралы көршілері мәлімет берді. Олардың айтуынша, қыз өте сабырлы, ұстамды болған, деп хабарлайды 

Opennews.kz ақпарат агенттігі “Отырар” порталына сілтеме жасап.


Фото: polisia.kz

Көршілерінің айтуынша, қыз жалғыз тұрған, оған ешқандай шағымдар болмаған. Ол ешкіммен ұрыспаған және сабырмен, өте жайлы өмір сүрген. Оқиға барысында куәгерлер қызды қарсы ғимараттан көрген кезде секіруден бас тартуын сұрағандарын айтты. Алайда бойжеткен біреуге дауыстық хабарлама жолдаған соң, артына бұрылып, өзін балконнан лақтырып жіберген.

Көршілерінің айтуынша, қыз Шымкент қаласының тумасы, Алматыда жалғыз пәтер жалдап тұрған.

"Бостандық аудандық полиция бөлімінде "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда", - деді Алматы қалалық полиция департаменті.
Еске салсақ, Алматыда бойжеткен 25-қабаттан секіріп кеткен болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.