Қызылордада көше шамдарының сымдары жаяу жүргінші өміріне қауіп төндіруде
267
Қаламыздағы “Саяхат” мөлтек ауданындағы А.Айдосов көшесінің жарық бағанасының тоқтары жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіруде, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жуырда жол жөндеу жұмыстары жүргізілген “Саяхат” мөлтек ауданындағы А. Айдосов көшесінде жарық шамдары бағанасының қақпақшалары ашық күйінде қалған. Ең сорақысы көшені жарықтандырып тұрған жоғары тоқ кернеуі бар бағана сымдарының ашық жатуы адам өміріне қауіп төндіруде.
Осы орайда, жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде жол жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер мекеменің салғырттығын айтып, сымдары шашылып жатқан бағаналарды қалпына келтіріп беруін сұрауда.
Ал, «Қызылорда қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» бөлімі хабарлауынша,
Жауапты мердігер мекеме қызметкерлері тоқ кернеуі жоғары бағана сымдарын бұлай тастап кетуі адам өміріне қауіпті екенін білмегені ме? Десек те, сақтансаң сақтаймын демекші, өз өзімізге сақ болайық!

Осыдан шамамен 1 ай бұрын көлік және жаяу жүргіншілердің жолы салынған болатын. Сол мекеменің салғырттығынан жарық шамдарының сымдарын әр жерден үзіп, қалай болса солай жалғаған. Тұрғындар мен мектеп оқушылары жүретін жолды салған мекеме сымдарды дұрыстап, сыртын қауіпсіз етіп қаптап, қайта жасауын қадағалауларыңызды сұраймын, - деді қала тұрғыны.
Ал, «Қызылорда қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» бөлімі хабарлауынша,
Сауалыңыз назарға алынып, мердігер мекемеге “Саяхат” мөлтек ауданы, А.Айдосов көшесі бойында орналасқан жарық бағанасын қайта қалпына келтіру тапсырылған.